ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 13 МАУСЫМДАҒЫ N 211 ЗАҢЫ.
ТУРИСТІҢ МІНДЕТТЕРІ,
ТУРИСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ТУРИСТІҢ МІНДЕТТЕРІ
Саяхат жасаған кезде, транзитті қоса алғанда, турист:
- уақытша болатын елдің (жердің) заңдарын сақтауға;
- уақытша болатын елдегі (жердегі) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға;
- уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерін және транзиттік жүріп өтетін елдердегі ережелерді сақтауға;
- саяхат кезінде жеке өзінің қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті.
Туристің өзге міндеттері болатын елдің (жердің) заңдарымен айқындалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1207291?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау