Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-тармағына сәйкес, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның немесе тиісті санаты жоқ жүргізушінің көлік тізгіндеуі 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бүгінгі есеп бойынша бұл төлемнің мөлшері 86500 теңге.
Сонымен қатар, кодекстің 590-бабы 2-тармағы бойынша мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз немесе тіркелмеген көлік құралын пайдалануға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (43250 теңге) айыппұл қарастырылған. Бұл талаптарды бұзу көліктің айып тұрағына қойылуына негіз болуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында 1489 мопед тіркеліп, оның ішінде 393 мопед тіркеуден шешілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1206961?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау