📚 Ұлттық кітап күніне арналған облыс әкімі Асхат Шахаровтың жазбасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ардақты ағайын!

Бүгін – Ұлттық кітап күні. Өңірімізде осы күнді кеңінен насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы апталық өтіп жатыр.

Ұлттық кітап күні – рухани қазынамызды түгендейтін, зердемізді жаңғыртатын айрықша күн. Қазақ «Сөз – сүйектен өтеді» дейді, ал сол сөздің мәйегі – кітапта. Кітап – үнсіз ұстаз, сарқылмас қазына, рухтың шамшырағы.

Қолым қалт етсе, мен де кітап оқуға бейіммін. Не оқып жатқаным қызық болар?! Қазір Ілияс Есенберлиннің ерекше назар аударатын кесек туындысы, тарихымыздың түп негізін әріден көрсететін елеулі шығармасы «Алтын орда» трилогиясына ден қойдым. Жазушы еңбегінде ұлтымыздың түп-тамырын тереңнен қозғап, Алтын Орда дәуірінің күрделі кезеңдерін көркем тілмен кестелейді. Осындай дүниелерді оқу арқылы біз тек өткенді танып қоймай, болашаққа бағдар түзейміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын.

Бүгінгі таңда бізге тек білімді емес, парасатты ұрпақ қажет. Ол ұрпақ кітаппен с�

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1207654?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version