📚“ЦИФРЛЫҚ САНА:ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ”📚

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында «Цифрлық сана: заманауи мүмкіндіктер әлемі» атты семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстыру және ақпараттық кеңістікте еркін бағдар табуға бағыт беру. Семинар барысында қатысушылар электронды ресурстармен жұмыс, онлайн платформаларды қолдану, цифрлық сервистерді күнделікті қызметке енгізу секілді маңызды тақырыптармен танысты:

🔸 “Идеядан – іске: кітапхана жобаларының жаңа тынысы” тақырыбында Ойыл аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы А.Бағытқалиқызы;
🔸”Жаңашыл кітапхана: идея, ізденіс, нәтиже” тақырыбында Көптоғай ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы
Ә.Омарова;
🔸”Бір кітап – мың ұсыныс:жасанды интеллекттің құпиясы” тақырыбында Сапақкөл ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Г.Махмет;
🔸”Библиографиялық құралдар – ақпарат әлеміндегі жаңа бағыттар” тақырыбында Ойыл аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Б.Қалыбекқызы.

Тренинг бөлігінде заманауи құралдарды тәжірибе жүзінде қолдану, ақпаратты жылдам іздеу мен өңдеу, оқырманмен байланыс орнатудың жаңа форматтары қарастырылды. Осы орайда Ойыл ауданының білім бөлімінің психологиялық қызметті үйлестіруші әдіскері Байдуашева Сәндігүл Базарқұлқызы “Менің өмірімнен алынған кітап” тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық дәуірдегі кітапхананың рөлі туралы ой өрбітті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1207667?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version