Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетімен бекітілген «Еңбекті қорғау айлығы» аясында өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түркістан облысы білім басқармасына қарасты “Төлеби ауданының білім бөлімі” ММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тесеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы “Төлеби ауданының білім бөлімі” ММ-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
– қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
– мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау