Іс-шара барысында жүйеде есеп жүргізу мен есептілікті қалыптастырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ № 3 «Вакциналардың қозғалысы туралы есеп» және № 4 «Халықты профилактикалық егулермен қамту туралы есеп» нысандарын дұрыс қалыптастыру және жүктеу тәртібі қаралды. Деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге, есептілікті белгіленген мерзімдерде ұсынуға және нысандарды толтырудағы бірыңғай тәсілдерді сақтауға ерекше назар аударылды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына түсіндірмелер беріліп, ақпараттық жүйемен жұмыс сапасын арттыруға және есептік деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208368?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау