2026 жылғы 23 сәуірінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша баспасөз релизі

 

2026 жылғы 23 сәуірінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды, оның шеңберінде облыстың мемлекеттік кірістер органдарының салықтық түсімдер жоспарларын қалыптастыру және орындау, жергілікті бюджеттердің салықтық әлеуетін ұлғайту және берешекті азайту бойынша 2025 жылғы қызметі бағаланды.

Аудит нәтижесінде 450 311,2 мың теңге сомасына жергілікті бюджетке түсуге жататын бұзушылықтар, 281 159,0 мың теңге сомасына бюджет шығындары, 2 рәсімдік бұзушылық және 4 жетіспеушілік анықталды.

Аудиторлық іс-шара барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 301 384,5 мың теңге (66,9%) түсті, түсім қалдығы – 148 926,7 мың теңге.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесіне анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krgrevcom/press/news/details/1207881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version