23-сәуір Ұлттық кітап күні.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында және ауылдық кітапханаларда 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай мазмұны терең, тағылымдық мәні зор, әртүрлі форматтағы ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған мерекенің басты мақсаты – кітаптың адам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.

Мерекелік бағдарламалар аясында мазмұнды кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына әртүрлі жанрдағы жаңа әдебиеттер мен құнды басылымдар ұсынылды. Сонымен қатар, «Флешбук», викториналық ойындар, квест, танымдық сағаттар, әдеби аукцион және «Библиоглобус» форматындағы іс-шаралар өткізіліп, қатысушылардың белсенділігін арттырды. Бұл іс-шаралар оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, әлем әдебиетімен және мәдениетімен тереңірек танысуына зор мүмкіндік берді.

Іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруда кітапханашылардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі ерекше көрініс тапты. Олар әрбір оқырманның қызығушылығын ескере отырып, мазмұнды әрі тартымды орта қалыптастырып, рухани құндылықтарды насихаттауда маңызды рөл атқарды.

Аталған іс-шараларға ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары белсене қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытты. Кітап мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Бұл игі шаралар кітаптың қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айқындап, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайта түсті, ал кітапханашылардың еңбегі мен кәсібилігі көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1207840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version