«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 23 сәуірде ШҚО білім басқармасы және «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен облыстық «Әз-Наурыз» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға облыс колледждері қатысты.

Мерекеге қатысушыларды ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы құттықтады. Барлық іс-шаралар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған.

«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

– колледж студенттері арасында алаңда өткізілетін «Кім Ең жүйрік?» (ұлттық ойындар: қой көтеру, тоғызкұмалак, қол күресі);

– концерттік бағдарлама;

– «Наурыз-жыл басы» атты – ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі;

– наурыз көже тарату, қонақтарды мерекелік дастарханға шақыру.

Түрлі-түсті безендірілген киіз үйлерде мереке қонақтарына бауырсақ, Наурыз – көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.

Жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1207546?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version