Тексеру барысында Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексі талаптарының, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталу деңгейі зерделенді.
Бақылау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, қызметтердің уақытылы және толық ұсынылуына, сондай-ақ құжаттаманың талапқа сай жүргізілуіне ерекше назар аударылды.
Профилактикалық бақылау нәтижесінде қызметкерлерге қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндірмелер беріліп, анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдағы уақытта алдын алу мақсатында тиісті ұсынымдар ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1207774?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау