Алматы облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ 2026  жылға жұмыс жоспары аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жеке тұлға ретінде психологиялық – профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша, 2026 жылы 23 сәуірде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) КММ директоры Р.К. Алпысбаеваның бастамасымен «SAMGAU: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалтудағы инновациялық цифрлық технологиялар» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинардың ресми ашылуында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма (бұдан әрі – Басқарма) басшысы А.Н. Ваисов сөз сөйлеп, әлеуметтік қызметтерді цифрлық форматқа көшірудің маңыздылығын атап өтті.

Орталықтың психологы Д.А. Қуатбекова «SAMGAU» жобасын таныстырды.

Іс-шараға аудандық Отбасын қолдау орталықтарының басшылары мен мамандары, Полиция департаментінің және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-social/press/news/details/1207890?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version