Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, соның ішінде адалдық, ашықтық, жауапкершілік және азаматтарға құрмет көрсету мәселелері талқыланды. Мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және кәсіби салада қарым-қатынастың жоғары деңгейін дамытуға ерекше назар аударылды.
Ж. Аскарова этикалық стандарттарды сақтау тиімді мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі екенін және халықтың басқару органдарына деген сеніміне тікелей әсер ететінін атап өтті. Қатысушыларға ресми этика стандарттарын бұзғаны үшін жеке жауапкершілік және белгіленген заңды талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығы еске салынды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамға қызмет етуде адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1207627?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау