2026 жылғы 23 сәуірде Ақмола облысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан чемпионат өтті.
Турнирдің қатысушылары мен қонақтарына салтанатты сөз сөйлеген облыс прокуроры, облыстық «Жекпе-жек өнері қауымдастығының» президенті Руфат Құттықов былай деді:
«Баршаңызды Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған шағын футбол турнирінің ашылуымен құттықтаймын!
Бұл мерекелер – ерлік пен елге адал қызмет етудің символы. Бүгін алаңда күштік құрылым қызметкерлері бас қосып, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетеді.
Баршаңызға сәтті ойын, көтеріңкі көңіл күй және жеңіс рухын тілеймін. Ең мықты команда жеңіске жетсін!»
Турнирге 4 дивизионның құрамына кірген 11 команда қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир жағымды нотада аяқталып, қатысушылар мен көрермендерге спорттық бауырмалдық пен мереке рухын сыйлады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1208274?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау