Ақмола облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде сақталуда. Бұл туралы брифинг барысында облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов мәлімдеді.
 
Оның айтуынша, өңірде әлеуметтік маңызы бар және вакцина арқылы басқарылатын бірқатар жұқпалы аурулар тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Бұл, ең алдымен, халықты жоспарлы иммундаудың жүйелі жүргізілуінің нәтижесі. Дегенмен, жекелеген инфекциялар, атап айтқанда көкжөтел, скарлатина және жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттанушылықтың артқаны байқалады.
 
Брифинг барысында вакцинацияның инфекциялық аурулардың алдын алудағы шешуші рөлі ерекше атап өтілді. Екпемен қамту деңгейінің төмендеуі бұрын бақылауда болған инфекциялардың қайта таралуына әкелуі мүмкін екені ескертілді.
Сонымен қатар жаз мезгілінің жақындауына байланысты жіті ішек инфекцияларының алдын алу мәселесіне назар аударылды. Әсіресе балалар арасында санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау мен қауіпсіз тамақтану қағидаларын ұстанудың маңызы зор екені айтылды.
 
Бұдан бөлек, көктемнің ерте келуіне байланысты кенелердің белсенділік кезеңі ерте басталғаны атап өтілді. Осыған орай профилактикалық іс-шаралар күшейтіліп, тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version