Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғалу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 15 сәуірде Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері мен аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді.
 
Іс-шараны департамент басшысы С.С. Омарханов ашып, қызметтік тәртіпті сақтау мен кәсіби жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
 
Семинар барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Г.М. Сағадиева мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар туралы баяндап, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби борышы» екенін атап өтті.
 
Сонымен қатар, департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.А. Галиев қарулы шабуыл мен кепілге алу жағдайларындағы іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіріп, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел әрекет ету мен нақты нұсқаулықтарды қатаң ұстанудың маңызын жеткізді.
 
Семинар қорытындысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Іс-шара соңында департамент басшысы қорытынды жасап, құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейту бағытындағы міндеттерді айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version