Ақтөбеде қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі — Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған музыка апталығы басталды. Іс-шара 23–30 сәуір аралығында өтеді.
Музыка апталығы күні кеше Өнер орталығының концерт залында Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрінің «Ұлы дала сазы» атты концерттік бағдарламасымен ашылды.
Бүгін, 24 сәуір күні апталықтың ресми бөлігі Өнер орталығы фойесінде өткен баспасөз конференциясынан басталып, «Ахмет Жұбанов және оның заманы» атты көрменің ашылуымен жалғасты.
Көрмеде Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музей қорынан жеткізілген құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Экспозиция қатарында композитордың күнделікті тұтынған бұйымдары, сирек фотосуреттері, қолжазбалары және шығармашылығына қатысты маңызды деректер қамтылды. Бұл деректер арқылы келушілер ұлы тұлғаның өнердегі ғана емес, адамдық болмысы мен тағылымды өмір жолын да тануға мүмкіндік алды.
Жалпы, апталық аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттер, көрмелер және танымдық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1208216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау