24.04.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында, Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушылары, жеке сот орындаушылары және адвокаттардың қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1207778?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау