Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова Астрахан ауданы әкімдігінде ауданның коммуналдық кәсіпорындары ұжымдарымен сумен жабдықтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау нысандарын пайдалану кезінде санитариялық талаптарды сақтау, сондай-ақ бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жою мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Талқылау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208346?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау