Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.
Басталуы: 2026 жылғы 29 сәуір сағат 11 : 00-де.
Бәйтерек ауданы мәслихаты төрағасының шешімі
Переметный ауылы №33 2026 жылғы 24 сәуір
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 – бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Бәйтерек ауданы мәслихатының кезектен тыс 33-ші сессиясы 2026 жылдың 29 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 11:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Бәйтерек ауданы мәслихатының «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Н.Хайруллин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/1207584?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау