Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысты ашып жүргізген аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Дияров.

Отырыста аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова «Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келісу» мәселесі бойынша баяндама жасады.

Бұдан соң, жер комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы И.Габидуллин мәлімдеме жасады.

Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі барлық мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1208403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version