«Тараз – Арена» спорт сарайында «Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» апталығы аясында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» спорттық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты дамыту және қоғамда денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты ашылу рәсімінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлан Сламбекова құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды белсенді өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Шараға 1000-нан астам қала тұрғыны қатысып, спорттық рух пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Қала тұрғындары арасында таңғы жаттығу және әртүрлі жас санаттары бойынша жүгіріс ұйымдастырылды
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Бұл бастама – қоғам денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1208353?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау