Ақтөбеде өткен «Таза Қазақстан – таза болашақ» облыстық экофестивалі 1500 қатысушының басын қосты. Аталған іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №80 орта мектеп базасында ұйымдастырылды.
Экофестивальға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру маңызды екенін айтып, мұндай бастамалар жастарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтінін жеткізді.
Өңір басшысы екі жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы іске қосылғанын, бүгінде бұл бастама ел аймақтарында кең қолдау тауып, оның ішінде Ақтөбе облысында белсенді жүзеге асырылып келе жатқанын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-beskospa/press/news/details/1207885?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау