Еліміздің ең кішкентай азаматтарын тәрбиелеу мен оқытуға қазіргі таңда ерекше көңіл бөлінуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің ең кішкентай азаматтарын тәрбиелеу мен оқытуға қазіргі таңда ерекше көңіл бөлінуде. Заманауи мектепке дейінгі ұйым инновациялық өзгерістер жағдайында әрекет етіп, дамуға дайын білікті педагогтарды қажет етеді.
Озық педагогикалық тәжірибені тарату және жаңа идеяларды талқылау мақсатында «Колосок» бөбекжай-бақшасы» КМҚК жанындағы Құзыреттілік орталығы базасында «Балабақша – инновациялар мен тиімді тәжірибе кеңістігі» атты аудандық семинар өтті. Семинарға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарынан 31 педагог қатысты.
Бөбекжай-бақша педагогтары келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарын өткізді: «Денсаулықтың нейро-коды: балабақшадан бастап табысқа бағдарламалау» (Серікбаева Умут Анатольевна, Гордеева Юлия Сергеевна); «Дәм кемпірқосағы: витобар – дені сау балалыққа жол» (Троян Наталья Николаевна); «Дене шынықтыруды зеріктірмей өткізу: зал мен далаға арналған 6 жаңа ойын», (Наурызбаев Данияр Талгатович, Нұрғалиев Дияр Мұхтарұлы); «Киіз үй» шағын мұражайы: ұлттық мәдениетті танып-білу – баланың жан-жақты дамуына жол ашады» (Қошқарбаева Раушан Ануарбекқызы, Хасенова Айнұр Анатольевна); «Абай атаның бақшасы» цифрлық мобильді кітапханасы (Сейтжанова Гүлсана Балтабекқызы, Макулова Сая Елубайқызы, Золотова Дарья Сергеевна); «Кішкентай табиғат әлемі» білім беру орталығы (Амержанова Динара Темешевна, Қасенова Дина Жанботақызы); «Cover-sorter» технологиясы (Ходякова Ирина Евгеньевна, Шульга Светлана Евгеньевна);«MagicТас» тас мұражайы – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту құралы (Бурковская Марина Владимировна); «Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік-танымдық дағдыларын дамытудағы «Супермаркет» сюжеттік-рөлдік ойынының маңызы (Жүнісова Әсемгүл Қадірқызы, Имантаева Жұлдыз Төлеуқызы);
«Картиналар галереясы – мектеп жасына дейінгі балалардың көркем-эстетикалық қабылдауын дамыту құралы» (Сарманова Жанна Қайратқызы);
«Балалар телестудиясы – функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған инновациялық алаң» (Рсаева Багила Бексұлтанқызы, Жиенғалиева Раушан Қашқынбайқызы); «Ертегілер негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру» (Кенжебулатова Меруерт Тоқтағұлқызы, Омарбекова Ұлбосын Мырзабекқызы).
Өз тәжірибелерімен «Каменноброд орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Абылқасымова Айжан Есенғалиқызы, «Нижнеборлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ әдіскері Шутова Светлана Васильевна және педагог-психолог Красикова Оксана Михайловна; «Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық тәрбиешілері Әлжанова Алтыншаш Бауыржанқызы, Даирова Ақзинеп Ермекқызы; «Елецкий орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі Қуандық Еңгілік бөлісті.
Семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері талқыланып, кері байланыс жүргізіліп, пікір алмасу өтті. Қатысушылар болашаққа бағдарланған инновациялық идеялармен танысу мүмкіндігін ұсынғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1208388?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version