2026 жылғы 23 сәуірде Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «МУС» КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессоры С.Б. Маукаевамен бірлесіп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының үлкен студия залында көлік нысанының медицина қызметкерлеріне арналған Еуропалық иммундау апталығына (ЕИА) орай арнайы семинар өткізді. Кафедра профессоры баяндама жасап, иммундауға қатысты негізгі мәселелерді жан-жақты қарастырды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары аталған іс-шара аясында көлік нысанының медицина қызметкерлерімен Еуропалық иммундау апталығына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1208168?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау