Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында қызмет атқаратын жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыру және халықпен өзара іс-қимылдың заманауи стандарттарын қалыптастыру.
Оқыту барысында қатысушылар:
– ағылшын тілінің бастапқы деңгейін (A1)
– ымдау тілінің негіздерін
– тиімді коммуникация дағдыларын
– жанжалдарды басқару және деэскалация тәсілдерін
– антикризистік байланыс жүргізуді
– кәсіби әдеп нормаларын меңгеріп, білімдерін жетілдіреді.
Курс аясында ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы полиция полковнигі Молдаханов Дархан Маханұлы жеке құраммен кездесіп, кәсіби даму мен қызмет сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлерге алдағы оқуда сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1207695?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау