КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІХ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХІХ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органының құрамын бекіту туралы» «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешім жобаларымен аудан әкімі аппатарының бас инспектор-заңгері В.Губайдуллина таныстырды. «Қаратөбе аудандық мәслихатының «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы № 8-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бердіғалиев таныстырды. Сонымен қатар, Округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы талқыланып, бірауыздан бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/1208003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version