Маңғыстау облысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарықтағы бағасына салыстырмалық талдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі күнде дәрілік заттардың 4994 сауда атауына шекті бағалар бекітілген. Сонымен қатар, рецептсіз берілетін 1707 дәрілік заттар мемлекеттік реттеуден шығарылып, Департаменттің тұрақты мониторингі жағдайында нарықтық қағидаларға сәйкес сатылады.

2025 жылдың IV тоқсанынан бастап 2026 жылдың II тоқсанына дейін Маңғыстау облысы Департаменті бойынша бөлшек саудада сатылатын дәрілік заттардың бағасына ай сайын мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижелері бойынша сұранысқа ие дәрілік заттардың бағасының төмендеуі байқалады.

Атап айтқанда:

  • «Крестор» 10 мг №28 дәрілік заты 2025 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығының редакциясына сәйкес, бөлшек саудада өткізу үшін шекті баға 10 317,18 теңгені құраған. Ал жаңартылған, 2025 жылғы 18 шілдеде № ҚР ДСМ-94 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік реттеу аясында бөлшек саудадағы шекті баға 7 339,77 теңгеге дейін төмендеді, яғни 28,86%. Сонымен қатар, облыс аумағындағы дәріхана ұйымдарында бұл дәрілік заттың орташа бағасы 5 765 теңгені құрайтыны анықталды.

Ұқсас динамика келесі препараттар бойынша да байқалады:

  • «Ксарелто®» таблетка 15 мг №28: шекті баға 22 539,82 теңгеден 20 922,05 теңгеге төмендеген, яғни 7,1%, дәріханалардағы орташа баға — 17 920 теңге.
  • «Предуктал» капсула 80 мг №30: шекті баға 7 665,32 теңгеден 5 436,09 теңгеге төмендеген, яғни 29%, орташа баға — 4 990 теңге.

Айта кету керек, дәрілік заттардың бағасының төмендеуі мемлекеттік баға реттеу саясатын орындау нәтижесінде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Департамент кейбір дәрілік заттар бойынша баға динамикасын жүйелі түрде қадағалайды.

Атап айтқанда:

  • «Кеторол таблеткалары №20» дәрілік заты бұрын 810 теңгеден сатылса, қазіргі таңда 320 теңгеден сатылуда. Осылайша, бағаның төмендеуі 490 теңгені құрады.
  • «Нимесил ұнтағы №30» дәрілік заты бұрын 4 500 теңгеден сатылса, қазіргі таңда 2 345 теңгеден сатылуда. Осылайша, бағаның төмендеуі 2 155 теңгені құрады.

 

Маңызды! 
№ҚР ДСМ-94 бұйрығына сәйкес шекті бағаларды сақтау маңызды. Егер шекті бағалар сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Дәрілік заттардың шекті бағалары туралы ақпаратты «DariKZ» және «NAQTY ONIM» мобильді қосымшаларынан алуға болады. Сонымен қатар, дәрілік заттардың ағымдағы қолжетімділігі мен құны туралы өзекті ақпаратты «I-teka» және «Kaspi.kz» мобильді қосымшаларынан көруге болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығы негізінде, ұялы телефоныңызға «Dari.kz» (https://www.ndda.kz/pages/mobilnoe-prilozhenie-darikz_1703070580) мобильді қосымшасын жүктеу арқылы дәрілік заттардың шекті бағасын тексеріп, шекті бағадан асырған фактілер орын алған жағдайда, аталған қосымша ішіндегі «Шағымдар» бөлімі арқылы өтініш жолдай аласыз.

Дәрілік заттардың шекті бағаларының асып кету фактілері анықталған жағдайда, дәріхана ұйымдарына қатысты тиісті шаралар қолдану үшін Департаментке «e-Otinish» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (https://eotinish.kz/ru) өтініш беруге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1207754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version