Өңірлік экологиялық саммит 2026: трансшекаралық ынтымақтастық Орталық Азияның тұрақты экожүйелерін қалай қалыптастырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

RES-2026 «Табиғатпен байланыс: Орталық Азияда биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтауда өңірлік ынтымақтастықты нығайту» атты қатар өткізілген іс-шара аясында, «Өңірдің тұрақты дамуы үшін табиғатпен үйлесім» бастамасы шеңберінде қатысушылар табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тұрақты басқару мүддесінде трансшекаралық өзара іс-қимылды күшейтудің нақты жолдарын талқылады.

Іс-шара Халықаралық EXPO көрме орталығында өтіп, мемлекеттік мекемелердің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам мен ғылыми қауымдастықтың өкілдерін біріктірді. Талқылаудың негізгі өзегінде биоалуантүрлілікті сақтау, ортақ экожүйелерді басқару және ұзақ мерзімді өңірлік ынтымақтастықты дамыту бағытында үйлестірілген, нақты нәтижеге бағытталған тәсілдерді ілгерілету мәселелері болды. RES-2026 саммитінің форматының өзі Орталық Азиядағы экологиялық және климаттық сын-қатерлерге бірлескен әрі практикалық шешімдер табуға арналған алаң ретінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Тұрғамбаев атап өтті:

«Орталық Азия – бірегей табиғи мұрасы бар өңір. Біздің ормандарымыз, таулы экожүйелеріміз, далаларымыз бен шөлдеріміз мемлекеттік шекаралармен шектелмейтін тұтас экологиялық кеңістікті құрайды. Сондықтан биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тұрақты басқару мәселелері бізден тек ұлттық деңгейдегі күш-жігерді ғана емес, сонымен қатар өңірлік деңгейде тығыз әрі үйлестірілген өзара іс-қимылды талап етеді.»

Іс-шара барысында даму серіктестері – GIZ, БҰҰБҒМҰ, ХТҚО, КМВ, БҰҰҚБ және БҰҰДБ – трансшекаралық және өңірлік сипаттағы үздік тәжірибелерді, қолданыстағы бастамаларды және алдағы іс-қимыл жоспарларын таныстырды. Мемлекетаралық үйлестірілген өзара іс-қимылдың ортақ экожүйелерді тиімді басқаруға және олардың экологиялық тұрақтылығын арттыруға қалай ықпал ететінін көрсететін нақты мысалдар келтірілді. Серіктестердің мәлімдеуінше, сессия барысында диалогтан нақты бірлескен іс-әрекеттерге көшуге, ортақ табиғи аумақтарды басқаруды жетілдіруге, сондай-ақ қаржылық және техникалық ресурстарды жұмылдыруға ерекше назар аударылды.

Ерекше назар жекелеген консультациялардан өңір елдеріндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен бейінді мекемелер арасында тұрақты әрі ұзақ мерзімді серіктестіктер қалыптастыру қажеттілігіне аударылды. Қатысушылар мұндай серіктестіктер қолайлы институционалдық жағдайларға, күшейтілген ведомствоаралық үйлестіруге, біріктірілген экожүйелік тәсілдерге және қаржылық әрі техникалық ресурстарға кеңірек қолжетімділікке негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері де өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты практикалық тәжірибелерімен, күтулерімен және қажеттіліктерімен бөлісті, оның ішінде халықаралық ұйымдармен және жеке сектормен серіктестік мәселелері де қамтылды. Саммиттің маңызды саяси нәтижелерінің бірі – 2026 жылғы 22 сәуірде Орталық Азия елдері «Өңірдің тұрақты дамуы үшін табиғатпен үйлесім» атты Өңірлік декларацияға қол қойып, болашақтағы бірлескен жұмыстың негізін қалады.

Талқылауды қорытындылай келе, Марат Асаналиев өңірдегі табиғи ресурстарды тұрақты басқарудың негізгі қағидатын атап өтті: «Орталық Азиядағы ландшафттардың шынайы тұрақтылығына тек әкімшілік шекаралардан шығып, жерді пайдалануды кешенді жоспарлауды трансшекаралық ынтымақтастықтың негізгі күн тәртібіне енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады.»

ЮНЕСКО өкілі Елена Осипова соңғы 15 жылда биоалуантүрлілікті қаржыландыру табиғаттың құндылығын бағалаудан жүйелі қаржылық және саяси шешімдерге дейін дамығанын атап өтті. БҰҰДБ-ның BIOFIN бастамасы елдерге қаржылық ағындарды табиғатты сақтаудың жаһандық мақсаттарымен үйлестіруге және тұрақты дамуға көшу үдерісін жеделдетуге көмектеседі.

Іс-шара Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) қолдауымен өтті. ЮНЕСКО RES-2026 бағдарламасының тақырыптық серіктестерінің қатарында көрсетілсе, GIZ Орталық Азияда өңірлік экологиялық ынтымақтастықты ілгерілетуге қолдау көрсетеді.

 

GIZ бағдарламасы туралы

GIZ қолдау көрсететін бағдарлама Қырғызстан мен Тәжікстанда климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етеді, ұлттық уәкілетті органдардың әлеуетін нығайтады, ведомствоаралық үйлестіруді дамытады және сапалы климаттық жобаларды дайындауға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, бағдарлама трансшекаралық тәсілдерді мемлекеттік саясат пен институционалдық тетіктерге енгізіп, университеттермен және сараптамалық желілермен ынтымақтастық арқылы кәсіби құзыреттерді дамытады, сондай-ақ жерді пайдалану мониторингі мен жоспарлау жүйелерін жетілдіреді.

Оның практикалық нәтижелерінің қатарында табиғатты қорғау аумақтарын басқару тиімділігін бағалау құралдарын енгізу, GREEN CA желісін кеңейту, орманды қалпына келтіру модельдерін әзірлеу, жайылымдарды мониторингтеу тәсілдерін жетілдіру және 200-ден астам маманның біліктілігін арттыру бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1208424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version