Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Герман су серіктестігі (GWP) басқарушы директоры Борис Грайфенедермен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Герман су серіктестігі (GWP) басқарушы директоры Борис Грайфенедермен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы базасында Қазақстан-Германия инновациялық су хабын құру мәселесі қаралды.

«Жақын арада хабтың тұжырымдамасын бекітуді ұсынамын. Неміс бизнесі Қазақстанның су ресурстары саласында бұрыннан белсенді жұмыс істеп келеді. Хаб құру екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуетін толық іске асыруға және озық тәжірибе мен технологиялар алмасуды тиімді жолға қоюға мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1207815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version