Орталық Азия елдерінің өкілдері мен халықаралық сарапшылар су саласындағы ынтымақтастықты нығайту, су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ климаттық сын-қатерлерге бейімделген институционалдық, техникалық және қаржылық тетіктерді дамыту бағытындағы басымдықтар мен бірлескен шешімдерді айқындады.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев өз сөзінде климаттық өзгерістерге бейімделу саласында өңірлік үйлестіру мен озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
«Бірлескен мониторинг жүйелерін дамыту және деректер алмасуды жолға қою ерекше маңызға ие. Сонымен қатар климатқа төзімді және тұрақты су инфрақұрылымын қалыптастыру, су-энергетикалық саясатты үйлестіру, су үнемдеуге бірыңғай тәсілдерді енгізу, ғылыми деректер мен сценарийлік талдауды пайдалану аса маңызды. Біз тиімді бейімделудің негізі деректер, сенім және бірлескен жоспарлау болуы тиіс деп санаймыз», – деді Талғат Момышев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1207930?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау