23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай кітапхана алаңында «Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана» атты кең ауқымды мәдени-рухани шара ұйымдастырылды.
Аталған мереке – кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын айшықтап, оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама. Биылғы жылдың ерекшелігі – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні қатар аталып өтіп, руханият саласы қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.
Шара театр әртістерінің әсерлі прологымен ашылып, салтанатты бөлім барысында облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана саласының дамуына тоқталса, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті жазушысы, Жазушылар одағының ШҚО филиалының өкілі Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев кітаптың рухани құндылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, облыс әкімі кітапқа деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген «Үздік оқырмандарды» марапаттады.
Кеш барысында өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Іс-шара аясында А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы және өлкетану музейі, қолөнершілер оқырмандарға түрлі интерактивті және танымдық локациялар ұйымдастырды.
Мерекелік шара кітапсүйер қауымға рухани серпіліс сыйлап, кітап пен білімге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1207901?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау