2026 жылғы 24 сәуірде «Қорғас» ШЫХО аумағында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Қорғас» ШЫХО санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Панфилов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы аурухана» МКК, «Қорғас» ШЫХО АҚ, шекара және кеден қызметтері, Қорғас полиция бөлімшесі, ҚР ДСМ СЭБК ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Жетісу облысы Панфилов аудандық бөлімшесі және Жаркент обаға қарсы күрес бөлімшесінің мамандарымен бірлесіп, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 12 ақпандағы №36-НҚ бұйрығы негізінде оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты – обамен ауыратын (күдікті) науқас анықталған жағдайда мүдделі қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл тактикасын пысықтау. Іс-шара жоспарланған тақырыпқа сәйкес және карантиндік әрі аса қауіпті инфекциялар белгілері бар науқас анықталған кезде «Қорғас» ШЫХО аумағында жүргізілетін алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарына, сондай-ақ Панфилов ауданының санитариялық қорғау жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес өткізілді. Барлық қызметтер үйлесімді, нақты және жедел әрекет етті. Өткізілген оқу-жаттығу тартылған қызметтердің обамен ауыратын (күдікті) науқас анықталған жағдайға толық дайын екенін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1208158?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау