Орынбор облысының іскер топтары Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орынбор, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Орынбор облысына жұмыс сапары барысында «Орынбор облысының кәсіпкерлік-өнеркәсіптік палатасы» одағының президенті Наталья Струнцовамен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Орынбор облысы арасындағы делегациялар алмасудың белсенді қарқынын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті.

Қазақстандық дипломат елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы, 2026 жылы өткізілетін халықаралық форумдар туралы ақпарат берді. Орынбор облысы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі және маңызды көлік торабы болып қала береді. Қазақстан сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша 25%-дан астам үлеспен және өңірлік экспорт бойынша Орынбор облысы ынтымақтасатын барлық елдердің арасында жетекші орын алады. Бұл көрсеткіш үлкен іске асырылмаған әлеуетті көрсетеді. Бас консулдық Орынбор қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесін ашуын жоспарлауда, бұл өңіраралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Өз кезегінде Наталья Струнцова серіктестік қатынастарды дамытуға өзара мүдделілік пен ынтымақтастық ауқымын кеңейту ниетін білдірді. 2025 жылы Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті және республика өңірдің шетелдік серіктесі ретінде 2-орынға ие болды. Негізгі экспорттық позициялар – отын-энергетика кешені өнімдері, азық-түлік тауарлары, қара металдар және бұйымдар, минералдық тауарлар, механикалық жабдықтар мен құрылғылар және т.б. Орынбор облысы білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі, мұнда Қазақстанның 4000-нан астам студенті білім алуда.

Сол күні Орынбор облысының өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік маңызы бар нысандарына бару жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1207955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version