Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында облыстық «Тіл шебері» конкурсы өткізілді.
Аталған байқау – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау, қолдау көрсету, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушылар байқаудың талаптарына сәйкес «Елтаным» кезеңінде қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақтың жері және оның аймақтары туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндау, «Ойтаным» кезеңінде берілген тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазса, «Сөзтаным» кезеңінде қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді оқып, орыс және ағылшын тілдерінде мағынасын ашу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы сынға түсті.
Үміткерлердің білімдері мен өнерлерін жергілікті ЖОО-ның ғалымдары бағалап, тілдерді меңгеру деңгейіне, үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуына, жауаптардың нақтылығы мен дұрыстығына, үш тілде таза сөйлеуіне, сауатты жазу шеберлігіне мән беріп, шешімдерін шығарды.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орын Железин ауданының үміткері Тлеуханова Динаға бұйырса, II орынды Ақтоғай ауданының қатысушысы Мейрамов Ерасыл иеленді, ал III орынға Павлодар қаласының үміткері Нұғыман Сымбат лайықты деп танылды.
Барлық қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-archive/press/news/details/1208121?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау