Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды облысының “АТАМЕКЕН” кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, облыстың автомобиль жолдары мен автомагистральдары бойында орналасқан жол бойы сервисі қызметтерін көрсететін бизнес субъектілерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында ұсынылатын қызметтердің сапасы, жол бойы сервисі нысандарында санитариялық қағидалар мен техникалық регламенттердің талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Көктемгі-жазғы кезеңде тағамнан уланудың, ботулизмнің және жедел ішек инфекцияларының алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, сауда нысандарында, автожанармай құю станцияларында, техникалық қызмет көрсету станцияларында (ТҚС), қонақүйлерде және санитариялық-гигиеналық қондырғыларда санитариялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ өндірістік бақылауды ұйымдастыру, жүзеге асыру және жүргізу, сондай-ақ «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» (СЭҚ) бағдарламалық сервистік өнімі арқылы есептілікті ұсыну мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірдің автомобиль жолдарындағы жол бойы сервисі нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды және қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1207582?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау