Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрмен келіссөздер жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 сәуірде – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскар Пусан қаласының болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрі доктор Сон Хи Ёппен (Ian Seong) кездесу өткізді.

Кездесу барысында көлік-логистика және IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды. Әсіресе, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту мақсатында Қазақстанның Ляньюньган мен Сиань қалаларындағы логистикалық мүмкіндіктерін Пусан порттық инфрақұрылымымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар технологиялық әріптестік мәселелерін, соның ішінде жасанды интеллект саласында бірлескен зертханалар құруды және «Astana Hub» пен «Centum 2» инновациялық кластерлері арасындағы байланыстарды нығайтуды талқылады.

Сондай-ақ әуе қатынасын кеңейту, медициналық туризм және білім беру салаларындағы байланыстарды күшейту мәселелері жеке қарастырылды. Вице-мэр қазақстандық студенттер мен мамандарды қолдауға бағытталған «City Visa Busan» жаңа визалық жүйесінің енгізіліп жатқанын хабарлады.

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған Мемлекеттік сапарына дайындық аясында тараптар Пусанның іскер топтарының белсенді қатысуымен ауқымды Қазақстан–Корея бизнес-форумын өткізуге дайын екендерін растады.

 

Анықтама үшін: Пусан – Корея Республикасының екінші ірі қаласы әрі ең ірі порты, жаһандық логистикалық және технологиялық хаб болып табылады. Қала «Global Hub City» стратегиясын белсенді түрде жүзеге асырып, болашақ инновацияларына, цифрлық экономикаға және жоғары технологиялық өндірістерге басымдық беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1207870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version