Қазақстан жол саласында экологиялық бағытты күшейтуде: Астанада бұрғылау қалдықтарын жол құрылысына қолдану бойынша меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит аясында «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) мен «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы арасында жол құрылысында бұрғылау қалдықтарын қолдану саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы ниеттер меморандумына қол қойылды.

Құжат тараптардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде бұрғылау қалдықтарын екінші реттік материал ретінде пайдалану технологияларын зерттеу және енгізу бойынша бірлескен жұмысты дамыту ниетін бекітеді.

Жұмыс бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және сынақтан өткізуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және пилоттық жобаларды іске асыруға бағытталады. Сонымен қатар, тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау көзделген.

Ынтымақтастық бағыттарының қатарында жол құрылысында екінші реттік материалдарды қолданудың тиімділігін бағалау үшін деректерді жинау және талдау, сондай-ақ тәжірибе алмасу, консультациялар мен жұмыс кездесулерін өткізу бар.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай шешімдерді енгізу Қазақстанның жол саласында «жасыл» технологияларды дамытудың маңызды бағыттарының біріне айналуы мүмкін. Бұл, әсіресе, инфрақұрылымдық жобалардың экологиялық талаптары күшейіп, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі артып отырған жағдайда өзекті.

«Жол құрылысында бұрғылау қалдықтарын пайдалану тек экологиялық бастама ғана емес, салада тұйық циклді экономиканы қалыптастыруға бағытталған нақты қадам. Біздің міндет ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету, технологиялардың Қазақстанның климаттық жағдайында қолданылуын бағалау және оларды енгізудің түсінікті тетіктерін қалыптастыру», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ вице-президенті Нұржан Мұқаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1207793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version