Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратурада оқып жүрген жергілікті атқарушы органдардың бір топ мемлекеттік қызметкерлері Бакуда екі апталық оқу-тәжірибелік бағдарламадан өтті.
Бағдарлама Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан ұйымдастырылып, мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация, заң шығару қызметіндегі цифрландыру, гендерлік теңдік саясаты, туризм саясаты, экологиялық басқару, адам құқықтары, мемлекеттік егемендік және халықаралық қатынастар тақырыптарындағы дәрістерді қамтыды.
Бағдарлама аясында қатысушылар Парламенттің, ASAN инновациялар орталығының, Экономикалық реформаларды талдау және коммуникациялар орталығының, Халықаралық қатынастарды талдау орталығының, Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің қызметімен танысты, сондай-ақ Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде болды.
Қазақстанның Бакудағы Елшісі Әлім Байел магистранттармен кездесу барысында мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен оқу бағдарламалары мен академиялық ынтымақтастық Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мұндай іс-шаралар арқылы мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, бауырлас халықтардың мәдениеті мен мұраттарын, достас елдердің қоғамдық өмірінің қыр-сырын тереңірек танып-біледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-baku/press/news/details/1208453?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау