ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев IATA өкілдерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) вице-президенті Рафаэль Шварцманмен және Орталық Азия бойынша өңірлік менеджері Ризван Сидиккимен кездесу өткізді.

Тараптар еліміздің азаматтық авиация саласындағы басым маңызы бар бірқатар мәселелерді талқылады. Ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтау, халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстарын жалғастыру, оның ішінде жолаушыларға қызмет көрсету кезіндегі биометриялық технологиялар, жүк тасымалын цифрландыру қажеттілігі, сондай-ақ кадрлар даярлау, инфрақұрылымды жаңғырту және т.б. бойынша жобалардың іске асырылуын атап өтті.

Талғат Ластаев Қазақстанның IATA-мен конструктивті диалогқа ашық екенін атап, барлық маңызды мәселелер бойынша халықаралық тәжірибемен бөліскені үшін ризашылығын білдірді.

Анықтама

IATA-әлемдегі 300-ден астам әуе компанияны біріктіретін (әлемдік әуе трафигінің шамамен 85%) жетекші үкіметтік емес ұйым. Ол салалық стандарттарды, қауіпсіздік ережелерін, әуежайлар мен әуе компаниялардың кодтарын белгілейді және жүктерді тасымалдауды реттейді. Эйр Астана, SCAT және Vietjet Qazaqstan қазақстандық әуе компаниялары IATA мүшелері болып табылады.

Рафаэль Шварцман 2010 жылдың мамырынан бастап Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерін біріктіретін ең ірі бағыттардың бірі болып табылатын еуропалық бағытты қадағалайтын IATA Вице-президенті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1207898?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version