Қазақстанда барлық көрнекі ақпарат (жарнама, хабарландыру, баға, нұсқағыш т.б.) міндетті түрде мемлекеттік тілде берілуі тиіс.
Қажет болса, оған қосымша орыс тілінде немесе басқа тілдерде де жазуға болады.
Негізгі талап:
- Қазақ тіліндегі мәтін сол жақта немесе жоғарыда, орыс тіліндегі мәтін оң жақта немесе төменде орналастырылады.
- Қаріп өлшемі бірдей болуы тиіс.
- Аударма негізгі мағынасын сақтауы тиіс.
Маңызды ақпарат:
Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде орналастырылады, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілде беріледі.
Тауар белгілері өзгертілмеген түрде қолданылады.
Хабарлама:
Сыртқы жарнаманы немесе маңдайшаны орналастыру туралы жергілікті атқарушы органды 5 жұмыс күні бұрын karkultura@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабардар ету қажет.
Тіл және жарнама туралы заңнама
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы (21-бап)
«Жарнама туралы» ҚР Заңы (6-бап)
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы (24-бап)
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі (75-бап, 455-бап)
Есте сақтаңыз!
Мемлекеттік тілдегі сауатты жарнама табысыңызды көбейтеді.
Тіл және жарнама туралы заңнама талаптарының сақталуы беделіңізді арттырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1207960?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау