Ақтоғай аудандық мәдениет үйінде аудан мектептерінің оқушыларымен тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Кездесуге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласының мамандары қатысып, оқушыларға кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, оның тұлға өміріне әкелетін кері салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға шақырды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандармен ашық диалог алаңында пікір алмасты. Еркін форматтағы әңгіме жастардың мәселені терең түсінуіне және өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың саналы көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін дамытуға және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1207615?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау