Шымкент қаласы Полиция департаментінде полицейлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға департаменттің жеке құрамы қатысып, қызметтік тәртіп пен атқарушылық мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде үш мәселе талқыланды. Атап айтқанда, жекелеген қызметкерлердің іс-әрекеттері мен қызметтік тәртіпті сақтау деңгейі, сондай-ақ анықтау саласындағы атқарушылық тәртіптің жай-күйі қарастырылды.
Жиын барысында тәртіп бұзушылықтарға жол берген қызметкерлердің әрекеттері жан-жақты талданып, олардың жауапкершілігі қаралды. Сонымен қатар, азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті, әдептілік пен қызметтік этиканы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес отырысында полиция қызметкерлеріне заң мен тәртіпті қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігі атап өтілді.
Шымкент қаласы полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын басты назарға ала отырып, жеке құрам арасындағы тәртіпті нығайту және халық сенімін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1208277?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау