СВМДА өңіріндегі жаһандық климаттың өзгеруі және тұрақты даму

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ошурбаев М.Т. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (СВМДА) аясындағы климаттың өзгеруі және өңірдегі тұрақты даму мәселелеріне арналған жоғары деңгейлі панельдік сессияда сөз сөйледі.

Қазақстан СВМДА шеңберіндегі ынтымақтастыққа үлкен мән береді және экология саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға белсенді қатысады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, экологиялық жауапкершілік мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады және конституциялық деңгейде бекітілген. Қоршаған ортаны қорғау елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі құндылығы әрі маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Қазақстан, басқа мемлекеттер сияқты, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы және биоалуантүрліліктің азаюы салдарларымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жағдайлар өңірлік және жаһандық деңгейде бірлескен шешімдерді талап етеді.

Елдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 7%-дан асады. Қазақстан әлемдегі уран экспорты бойынша ірі мемлекеттердің бірі ретінде көміртексіз энергетиканың дамуын қолдайды. Алғашқы АЭС салу және көмір электр станцияларын «таза көмір» технологияларын енгізу арқылы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Су ресурстарына ерекше көңіл бөлінуде: қабылданған шаралардың нәтижесінде Солтүстік Арал теңізінің шамамен 36%-ы қалпына келтіріліп, бұл экологиялық жағдай мен халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Каспий теңізін қорғау жөніндегі бастамаларды іске асыруда және арнайы құрылған Каспий теңізі ҒЗИ арқылы ғылыми ынтымақтастықты дамытып келеді. Биоалуантүрлілік саласында сирек кездесетін жануар түрлерін қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылуда.

Қазақстан экология және тұрақты даму саласында тәжірибе алмасу, ғылыми ынтымақтастық және мамандар даярлау алаңы болуға дайын екенін растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version