Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы Дәурен Қазантаев панельдік пікірталасқа қатысып, ведомствоның су ресурстарын басқаруға және ұлттық деңгейде шешім қабылдау үдерістеріне әйелдердің қатысуын қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік экологиялық саммит аясында Орталық Азиядағы климаттық тәуекелдерді, су және тау ресурстарын инклюзивті басқару тақырыбында тақырыптық сессия өтті. Іс-шараны UN Women, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы Дәурен Қазантаев панельдік пікірталасқа қатысып, ведомствоның су ресурстарын басқаруға және ұлттық деңгейде шешім қабылдау үдерістеріне әйелдердің қатысуын қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

«Біз үшін әйелдердің тек талқылауларға қатысқаны ғана емес, шешім қабылдау үдерістеріне нақты ықпал етуі маңызды. Біз олардың басқарушылық деңгейде қатысуын қамтамасыз етіп, кадрлық құрамның теңгерімді болуына күш салып отырмыз. Бүгінде әйелдер салада маңызды орындарға ие, соның ішінде бейінді құрылымдарда басшылық қызметтер атқарып, маңызды шешімдер қабылданатын жұмыс және сараптамалық топтардың құрамына енген. Сонымен қатар су дипломатиясы мен сараптамалық процестерге әйелдердің қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр. Біз олардың келіссөздерге, мемлекетаралық комиссиялар мен трансшекаралық ынтымақтастық және су ресурстарын бөлу мәселелері қаралатын жұмыс топтарына қатысуын қамтамасыз етеміз»,– деді Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы Дәурен Қазантаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1207810?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version