Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды
Бекебаева Айман Кенжебекқызы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің лауазымына тағайындалды.
Бекебаева Айман 1969 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина Университетінің» «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы №2 Қалалық ауруханасында интерн дәрігері болып бастады.
1993-1995 жылдары №2 Қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесінің меңгерушісінің уақытша міндетін атқарып, 1995-2005 жылдары №2 Қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі,
2005 -2013 жылдары №2 Қалалық ауруханасының жалпы терапия бөлімшесінің меңгерушісі,
2014-2017 жылдары №2 Қалалық ауруханасының бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары,
2017-2020 жылдары №2 Қалалық ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары,
2020-2021 жылдары Қалалық көпбейінді ауруханасының денсаулық сақтау менеджері,
2021-2023 жылдары Қалалық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары,
2023-2024 жылдары Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының денсаулық сақтау менеджері, 2024 -2025 жылдары Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы бас дәрігерінің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары,
2025 – 2026 жылдары Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1207482?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау