«Табиғатты қорғау – жастардың міндеті»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Есейхан ауылының аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Табиғатты қорғау – жастардың міндеті» атты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастар ауыл маңындағы бұлақтың көзін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазартты. Табиғатты аялау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында өткен бұл сенбілік ауыл тазалығына өз үлесін қосты.
Осындай игі шаралар жастарды еңбекке баулып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1207646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version