Аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулері жалғасуда. Хмельницкое ауылында кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі Ерлан Жаров бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат беріп, 2026 жылға арналған негізгі бағыттарды таныстырды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылым салалары бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Ауыл тұрғындары балалар алаңын орнату, мектепті жөндеу, жолдардың жағдайы және көше жарықтандыру мәселелерін көтерді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, жұмысқа қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1207849?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау