ТҮРКІСТАННЫҢ БАС ҚАҚПАСЫНДА ТАЙҚАЗАН БОЙ КӨТЕРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және туристік тартымдылықты арттыру мақсатында қала кіреберісіне Тайқазанның сәулеттік макетін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Нысан Шымкент бағыты тарапынан кіреберіс аумаққа орналастырылуда. Жоба аясында аумақ кешенді түрде абаттандырылып, заманауи талаптарға сай қоғамдық кеңістік қалыптастырылуда.
Макеттің жалпы биіктігі 10,4 метрді құрайды. Оның ішінде тұғыры – 2,4 метр, диаметрі – 12 метр. Құрылыс металлоконструкция негізінде жүргізіліп, сыртқы бөлігі шыныталшықпен қапталып, көркем өңделуде.
Тайқазанның беткі бөлігінде тарихи-рухани мазмұндағы жазулар орналастырылуда. Атап айтқанда, Құран аяттары мен Пайғамбар хадистері, сондай-ақ «Құтты, берекелі болсын» және «Бүкіл жаратылыстың иесі – Алла!» мазмұндағы мәтіндер көп мәрте қайталанып бейнеленеді.
Сонымен қатар, аумақта жол инфрақұрылымы ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, жарықтандыру жүйесі және жол белгілері орнатылуда. Түнгі уақытта нысанды жарықтандыру үшін жарықдиодты прожекторлар қойылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағыттаушы белгілер қарастырылған.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1208361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version