VI Азия жағажай ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VІ Азия жағажай ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков чемпион атанды.

Отандасымыз -69 кг салмақта бақ сынап, финалда Оңтүстік Корея өкілін айқын басымдықпен жеңді.

Сонымен қатар бүгін күш сынасқан тағы 2 отандасымыз Әлинұр Қуатұлы (-69 кг) мен Сейілхан Болатбек (-77 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

Қазір Қазақстан командасы кешенді жарыста 1 алтын, 3 қола жүлдемен 6-сатыға көтерілді.

Айта кетейік, ойындарда спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен бақ сынайды. Барлығы ел намысын 70 спортшы қорғап жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1208377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version