Жәнібек ауданында профилактикалық бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13–21 сәуір аралығында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары Жәнібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне профилактикалық бақылау жүргізді.

Бақылау іс-шаралары шеңберінде Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, сондай-ақ 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының талаптарының сақталуына бағалау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау нәтижесінде әдістемелік көмек көрсетіліп, анықталған кемшіліктер бойынша оларды жою туралы нұсқамалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1207801?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version